Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 ақпандағы № 129 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 29 мамырдағы № 492

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 ақпандағы
№ 129 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1998 жылғы 29 мамырдағы № 492

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

"Тауарларды декларациялау және оларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 ақпандағы № 129 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 5, 56-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

аталған қаулының 5-қосымшасында:

мәтiн "Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң" деген сөздерден кейiн "Президенттiң Күзет қызметiнiң" деген сөздермен толықтырылсын.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi