Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының ғимаратын жобалау
мен оның құрылысын салуды жүзеге асыру туралы Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1998 жылғы 7 сәуірдегі
№ 62
Ақмола қаласында Сауд Аравиясының Королдiгi гранты қаражатының есебiнен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты ғимаратының құрылысын салу мақсатында:
Ақмола қаласының әкімі (Ә.Р.Жақсыбеков):
Ақмола қаласында Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты ғимаратының құрылысына жер учаскесiн бөлсiн;
Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының Аппаратымен бiрлесiп конкурстық негiзде Ақмола қаласында Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының ғимаратын жобалау мен оның құрылысын салуды жүзеге асырсын.
Премьер-Министрi