Адвокат Антуан Биденiң қызметiне ақы төлеу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1998 жылғы 19 маусымдағы № 569
Француз банктерiнде Қазақстан Республикасының шоттарына тоқтау салынуына байланысты Париж Сауда Сотындағы сот процесiн табысты аяқтау мақсатында және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен адвокат Антуан Биденiң арасындағы 1997 жылғы 6 қазанда қол қойылған шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылға арналған резерв қорының қаражатынан адвокат Антуан Биденiң қаламақы мен шығарған шығыстарын төлеу үшiн 24 595 (жиырма төрт мың бес жүз тоқсан бес) АҚШ долларына баламды соманы бөлуге рұқсат етiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi