Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы аумағындағы жер учаскесін «Зенит» зымыран-тасығышының бөлінетін бөлшектері түсетін аудан ретінде уақытша пайдалану туралы келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 маусымдағы № 603 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1997 жылғы 14 қазанда Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы аумағындағы жер учаскесін «Зенит» зымыран-тасығышының бөлінетін бөлшектері түсетін аудан ретінде уақытша пайдалану туралы келісім бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қарағанды облысының әкімімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісе отырып, «Зенит» зымыран-тасығышының бөлінетін бөлшектерінің түсуінен заңды және жеке тұлғаларға келтірілген зиянды өтеудің тәртібін айқындасын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі