Қазақ дене тәрбиесі институтын Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы деп қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 28 қазан № 1091

Қазақ дене тәрбиесі институтын Қазақ мемлекеттік спорт және туризм
академиясы деп қайта атау туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 28 қазан № 1091

Отандық спорт пен туризм инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша бірыңғай оқу-ғылыми-әдістемелік орталық құру жолымен спорт және туризм саласында мамандарды даярлау мен қайта даярлау жүйесін одан әрі жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақ дене тәрбиесі институты Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы болып қайта аталсын.

2. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі:

1) Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясының құрылымын, мамандықтардың тізбесін және профессорлық-оқытушылық құрамының штат санын айқындасын;

2) қаржыландыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету 1998 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
         Қазақстан Республикасының 
         Премьер-Министрі