1999 жылға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық Басқармасының бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 5 қыркүйек № 848

1999 жылға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін Қазақстан
Республикасы Парламенті Шаруашылық Басқармасының бағдарламалары
мен кіші бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 5 қыркүйек
№ 848

"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 шілдедегі № 703 қаулысының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық Басқармасы бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).

2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық Басқармасы (келісім бойынша):

1998 жылдың 7 қыркүйегіне дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және Қаржы министрлігімен келісім бойынша жоғарыда аталған тізбеге сәйкес Шаруашылық Басқармасының мемлекеттік тапсырыстарын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік құжаттарды бекітсін;

бір айлық мерзім ішінде қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс әзірлесін және енгізсін.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
                                          Қазақстан Республикасы
                                          Үкіметінің 1998 жылғы
                                          5 қыркүйектегі
                                          № 848 қаулысымен
                                          бекітілген
 
              Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
     Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық Басқармасының
            бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының
                            тізбесі
 
 __________________________________________________________________________
|N |          Атауы                    |  1998 жылғы  |  1999 жылға
|  |                                   | қаржыландыру |   арналған
|  |                                   |    нысаны    | қаржыландыру
|  |                                   |              |    нысаны
|__|___________________________________|______________|____________________
|1 |Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет |              |
|  |көрсетулер                         |              |
|  |Республикалық деңгейдегі әкімшілік |Ұстауға       | Ұстауға
|  |шығыстар                           |              |
|  |Орталық органның аппараты          |              |
|  |Республикалық деңгейде орындалатын | Бұл да       |  Көрсетілген
|  |мемлекеттік тапсырыстар            |              | қызметтер үшін
|  |Ғимараттарды күту және қызметкер-  |              |
|  |лердің қызметін қамтамасыз ету     |              |
|__|___________________________________|______________|____________________