Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 желтоқсандағы № 1749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 28 қыркүйек № 959

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 1749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 28 қыркүйек № 959

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

"Қазақстан мұнай өнеркәсібінің 100 жылдығы мерейтойын өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 желтоқсандағы № 1749 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 53, 486-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

     көрсетілген қаулының қосымшасына:

Қазақстан мұнай өнеркәсібінің 100 жылдығы мерейтойын өткізу жөніндегі ұйымдастыру комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:

     Ораз Әлиұлы Жандосов         - Қазақстан Республикасы Премьер-
                                    Министрінің бірінші орынбасары,
                                    төраға
 
             Ұйымдастыру комиссиясының мүшелері:
 
     Мұхтар Қабылұлы Әблязов      - Қазақстан Республикасының
                                    Энергетика, индустрия және сауда
                                    министрі
 
     Ерлан Елемесұлы Үпішев       - Мұнай тасымалдау жөніндегі
                                    "ҚазТрансОйл" ұлттық
                                    компаниясының президенті
 
     Николай Иванович Баев        - Маңғыстау облысының әкімі
 
     Ғалымжан Бәділжанұлы         - Павлодар облысының әкімі

Жақиянов

     Қалық Абдуллаұлы Абдуллаев   - Оңтүстік Қазақстан облысының
                                    әкімі;
 
     "Н.Ж. Қаппаров               - Мұнай тасымалдау жөніндегі
                                    "ҚазТрансОйл" ұлттық
                                    компаниясының президенті"
     деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
 
     "Нұрлан Жамбылұлы            - "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ
     Қаппаров                       компаниясының президенті";
 

А.С.Есімов, А.Ә.Жабағин, Б.М.Қуандыков, В.Л.Левитин, Д.Қ.Ахметов, З.Қ.Тұрысбеков аталған құрамнан шығарылсын.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі