Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Халықаралық термоядролық эксперименттік реактордың техникалық жобасын әзірлеу шеңберіндегі ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қазандағы № 1025 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің
арасындағы Халықаралық термоядролық эксперименттік реактордың
техникалық жобасын әзірлеу шеңберіндегі ғылыми-техникалық
ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қазандағы № 1025 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы 6-7 шілдедегі Ресей Федерациясына сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында, сондай-ақ Ресей Федерациясының Президенті Б.Н.Ельциннің Қазақстан Республикасына белгіленіп отырған ресми сапарына және Ресей Федерациясымен екіжақты келісімдерге қол қоюға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Қазақстан Республикасының Ғылым министрі - Ғылым академиясының президенті Владимир Сергеевич Школьникке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Халықаралық термоядролық эксперименттік реактордың техникалық жобасын әзірлеу шеңберіндегі ғылыми- техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Н. Балғынбаев