Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қаңтардағы № 17 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 1 желтоқсан № 1218

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қаңтардағы N
17 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 1 желтоқсан № 1218

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1."Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылға арналған заң жобалары жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қаңтардағы № 17 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылға арналған заң жобалары жұмыстарының жоспарынан:

реттік нөмірі 48-жол алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі