Каспий теңізінің Қазақстан секторының лицензиялық блоктарының өнімін бөлу бойынша келісім-шарттарды әзірлеу жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 9 қазандағы № 194 Өкімі

Каспий теңізінің Қазақстан секторының лицензиялық блоктарының
өнімін бөлу бойынша келісім-шарттарды әзірлеу жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 9 қазандағы № 194 Өкімі

 

Каспий теңізінің Қазақстан секторының лицензиялық блоктарының өнімін бөлу бойынша келісім-шарттар жасасу мақсатында:

1. «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің штаттан тыс консультанты болып табылатын «Меркейтор Корпорейшн» компаниясының президенті Дж.Г.Гиффенмен бірлесіп, әлеуетті инвестор компаниялармен мына блоктар бойынша өнім бөлу жөніндегі келіссөздерді жалғастырсын және келісім-шарттарды қол қоюға әзірлесін:

1) XI блоктар - 1,2 («Қаламқас Б»);

2) IX блоктар - 11,12 және X блоктар - 9, 10 («Құрманғазы»);

3) X блоктар - 7 және XI блоктар - 4 («Оман Ойл Компани» компаниясы таңдап алған блоктар);

4) XII блоктар - 2,3 («Амоко» компаниясы таңдап алған блоктар).

2. Өнім бөлу жөніндегі келісім-шарттардың жобалары 1998 жылдың 15 қарашасынан кешіктірмей әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынылсын.

 

Премьер-Министрi