«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасы Үкіметінің арасындағы жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 1364 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасы Үкіметінің арасындағы жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария
Республикасы Үкіметінің арасындағы жолаушылар мен жүктердің
халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді бекіту
туралы
Қабылданды - ҚР 1999 жылғы 23 маусым № 393-I Заңын қараңыз
1997 жылғы 13 қарашада Алматы қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасы Үкіметінің арасындағы жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті