Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің арасындағы байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 20 қазан № 1064

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы
Үкіметінің арасындағы байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы
келісімге қол қою туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Қаулысы 1998 жылғы 20 қазан № 1064

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Н.Ө.Балғымбаевтың 1998 жылдың 23-24 қазанында Әзірбайжан Республикасына ресми сапарының барысында екіжақты келісімдерге қол қойылатындығына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысовқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің арасындағы байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою үшін өкілеттік берілсін.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі