«Астана қаласын сумен жабдықтау объектілерінің құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1999 жылғы 5 қаңтардағы № 1-ө Өкімі

«Астана қаласын сумен жабдықтау объектілерінің құрылысы туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1999 жылғы
5 қаңтардағы № 1-ө Өкімі

Қазақстан Республикасы Президентінің Астана қаласын сумен жабдықтау және су тазарту объектілерін салу туралы тапсырмаларын орындау және астананы сумен жабдықтау жөніндегі кезек күттірмейтін шараларды шешу мақсатында:

1. Ведомствоаралық сараптық топтың Вячеслав су қоймасынан Астана қаласының сүзгі станциясына дейін суағардың үшінші желісін бірінші кезекте салу туралы ұсынысы мақұлдансын.

2. Астана қаласының әкімі:

"Вячеслав су қоймасынан Астана қаласының сүзгі станциясына дейін суағардың үшінші желісін салу" жобасына заңдарда белгіленген тәртіппен ашық конкурс ұйымдастырсын;

су есептеу құралдарын орнату, сондай-ақ ауыз суды үнемдеу және нормадан тыс ысырапқа салуды қысқарту жөнінде жан-жақты шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Экономикалық жоспарлау комитеті Вячеслав су қоймасынан Астана қаласының сүзгі станциясына дейін суағардың үшінші желісін салу жобасын 1999-2001 жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына енгізсін.

4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары О.Ә. Жандосовқа жүктелсін.

Премьер-Министрi