«КТК-К» акционерлік қоғамының бас директоры орынбасарының кандидатурасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 12 наурыз № 237

"КТК-К" акционерлік қоғамының бас директоры орынбасарының кандидатурасы
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
1999 жылғы 12 наурыз № 237

"КТК-К" акционерлік қоғамының бас директоры орынбасарының басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Аманжол Тәженұлы Қабдолов "КТК-К" акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары лауазымына ұсынылсын.

2. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы белгіленген тәртіппен аталған кандидатураны акционерлер жиналысының қарауына енгізсін.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі