«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғат паркін ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 1992 жылғы 12 маусымдағы № 142-ө өкімі

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғат паркiн ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1992 жылғы
12 маусымдағы № 142-ө өкімі

1. Көкшетау облысы әкімінiң және Қазақстан Республикасы Экобиоресурсминiнiң өтiнiш етуiне сәйкес, Шучье-Бурабай, Шалқар мен Имантау курорттық-рекреациялық аймағында "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғат паркiн ұйымдастыру тиiмдi болады деп танылсын.

"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғат паркiн ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды жеделдету, оның алдағы уақыттағы территориясында тиiстi күзет тәртібін орнату мақсатында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Iс басқармасы Өндiрiстiк бiрлестiгiнiң Бурабай орман шаруашылығының базасында ұлттық табиғат паркiн жобалау жөніндегі уақытша дирекция құру туралы Көкшетау облысы әкімінiң және республикалық Экобиоресурсминiнiң ұсынысы қабылдансын.

2. Көкшетау облысының әкімі "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғат паркiнiң уақытша дирекциясы туралы Ереженi бекiтсiн және уақытша дирекцияны ұлттық парктiң техникалық-экономикалық негiздемесi бекітілгенге дейiн қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

Премьер-министр