Қазақстан Республикасында Мемлекеттік қорықтар мен ұлттық табиғат
парктерiн дамыту жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің қаулысы 14 шiлде 1993 ж. N
607
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi республикада қорықтарды дамыту iсiнде қолайсыз ахуал қалыптасқанын атап көрсетедi.
Материалдық-техникалық және қаржылық жағынан қамтамасыз етудiң қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы салдарынан жұмыс iстеп тұрған қорықтар, ұлттық табиғат парктерi мен басқа да айрықша қорғауға алынған табиғат аумақтары өздерiне жүктелген мiндеттерiн орындай алмай отыр. Жаңадан ұйымдастырылып жатқан айрықша қорғауға алынатын аумақтарына жер бөлу мәселесi баяу шешiлуде.
Қорықтар мен ұлттық табиғат парктердi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорықтары мен ұлттық табиғат парктерiн дамыту жөнiнде кешендi шаралар (қоса берiлiп отыр) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі Экология және биоресурстар министрлігімен бiрлесiп, республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтi жоспары мен бюджетiнiң жобасын әзiрлеген кезде жыл сайын мемлекет қажеттерiнiң құрамында мемлекеттік қорықтар мен ұлттық табиғат парктерiн ұйымдастыру мен көркейтуге арналған орталықтандырылған қаржы бөлудi көздесiн.
3. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі 1993 жылғы 1 қарашаға дейiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қарауына Қазақстан Республикасының Табиғат-қорық қорының объектiлерiн дамыту және орналастырудың 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған схемасын енгiзсiн.
4. Облыстардың әкiмдерi Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігімен бiрлесiп, мемлекеттік қорықтар мен ұлттық табиғат парктер аумағынан басқа ұйымдарды шығару туралы мәселенi 1994 жылғы 1 қаңтарға дейiн шешсiн.
5.
Ескерту. 5-тармақ күшiн жойған - ҚР Үкіметінiң 1996.01.09.
№ 31 қаулысымен.
6. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігіне қорықтар мен ұлттық табиғат парктердiң ғылым кандидаты, докторы ғылыми атағы бар қызметкерлерiне лауазымдық еңбек ақысының 30 процентi көлемiнде дербес қосымшалар белгiлеуге рұқсат етiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1993 жылғы 14 шiлдедегi
№ 607 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қорықтар мен
мемлекеттік ұлттық табиғат парктерiн дамытудың
Кешендi шаралары
(Кесте)