«Қазақ университеті» баспасын Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «Санат» мемлекеттік баспасы деп атау туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 25 қазан 1993 ж. № 1058

"Қазақ университетi" баспасын Қазақстан Республикасы Білім министрлігінiң
"Санат" мемлекеттік баспасы деп атау туралы Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 25 қазан
1993 ж. № 1058

Білім беретiн оқу орындары мен мекемелерiн оқу, ғылыми, оқу-әдiстемелiк және басқа арнаулы әдебиетпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Білім министрлігінiң "Қазақ университетi" баспасы Қазақстан Республикасы Білім министрлігінiң "Санат" мемлекеттік баспасы деп аталсын, оның орналасқан алаңы өзiнде сақталсын.

2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі 1993 жылдан бастап жыл сайынғы болжам-жоспарларында "Санат" баспасына полиграфиялық жабдықтар сатып алуға және материалдық-техникалық базасын нығайтуға нысаналы түрде Қазақстан Республикасының Экономикалық өзгерістер қорынан күрделi қаржы бөлiнуiн көздесiн.

3. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігі жыл сайын "Санат" баспасына тиiстi полиграфиялық қуаттар бөлетiн болсын және оқу мен оқу-әдiстемелiк әдебиет шығару үшiн материалдармен қамтамасыз етуге көмек көрсетсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi