Атыраудағы «Шельф» механикалық зауытында алуан нысаналы тікұшақтар өндіруді ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысы 26 қаңтар 1994 ж. № 100

Атыраудағы "Шельф" механикалық зауытында алуан нысаналы тікұшақтар
өндіруді ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің Қаулысы 26 қаңтар 1994 ж. № 100

Атыраудағы "Шельф" механикалық зауытында алуан нысаналы тiкұшақтар өндiрудi ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлігінiң, "Қорғау" Ұлттық акционерлік компаниясының, Атырау облыстық әкімінiң және Атыраудағы "Шельф" механикалық зауытының осы зауыттың негiзiнде жылына қуаты 100 дана МИ-52 алуан нысаналы жеңiл тiкұшақтар шығаратын қазақстандық-ресейлiк өндiрiс құру жөніндегі бастамасы мақұлдансын.

2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігі, "Қорғау" Ұлттық акционерлік компаниясы Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен, Қаржы министрлігімен, басқа да мүдделi ведомстволармен, оған заңды, жеке тұлғалардың және шетел инвесторларының үлестiк қатысуын ескере отырып келісілген, алуан нысаналы жеңiл тiкұшақтар өндiрiсiн құрудың және оны қаржымен қамтамасыз етудiң бағдарламасын екi ай мерзiмде әзiрлесiн әрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiне бекiтуге табыс етсiн.

3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі аталған бағдарламаны жүзеге асыруды Үкiметтiң аса маңызды тапсырмасы деп есептесiн және 1994 жылдан бастап жыл сайын Атыраудағы "Шельф" механикалық зауытына Қазақстанның Экономикасын қайта құру қорынан осы бағдарламаға сәйкес көлем мен мерзiмде қажеттi кредит бөлетiн болсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi