Қазақстан Республикасының 1930 жылғы 7 маусымдағы Женева конвенцияларына
қосылуы туралы мәселенi Қазақстан Республикасы Президентінің
қарауына енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің Қаулысы 5 мамыр 1995 ж. № 617
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1930 жылғы 7 маусымдағы Женева конвенцияларына:
аударымды және жай векселдер туралы бiртектi Заңды белгiлейтiн Конвенцияға. Қосылу аталған Конвенцияның II қосымшасындағы 2-4, 6-15, 17, 18, 20 - баптарында көзделiп, айтылғандарды ескере отырып жүргiзiлсiн;
аударылатын және жай векселдер туралы заңдардың кейбір коллизияларын шешудi мақсат тұтатын Конвенцияға;
аударылатын және жай векселдерге қатысты еларалық алым туралы Конвенцияға қосылу туралы мәселе Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi