Қазақстан Республикасы Минералдық-шикізаттық кешенінің ақпараттық-презентациялық орталығы туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысы 1995 жылғы 8 маусымдағы № 799

Қазақстан Республикасы Минералдық-шикiзаттық кешенiнiң ақпараттық-презентациялық
орталығы туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің Қаулысы 1995 жылғы 8 маусымдағы № 799

Жер қойнауын пайдалану саласында ақпараттық-консультациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн және Қазақстан Республикасының Минералдық-шикiзаттық кешенiне инвестициялар тартуды одан әрi ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінiң Геологиялық мұражайы мен "Минеральные ресурсы Казахстана" журналы редакциясының негiзiнде бизнес клубымен бiрге Қазақстан Республикасының Минералдық-шикiзаттық кешенiнiң ақпараттық-презентациялық орталығын құру туралы Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінiң бастамасы қолдансын.

2. Қазақстан Республикасының Минералдық-шикiзаттық кешенiнiң ақпараттық-презентациялық орталығына өзiн-өзi ақтауды қамтамасыз ету үшiн бизнестiк қызмет көрсетуге, сауда-тамақтандыру қызметiн көрсетуге және спорт клубына рұқсат берiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi