Ақтөбе облысы Ақтөбе және Хромтау аудандарының арасындағы әкімшілік шекараны өзгерту Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің Қаулысы 1995 жылғы 14 маусым № 827

Ақтөбе облысы Ақтөбе және Хромтау аудандарының арасындағы әкiмшiлiк
шекараны өзгерту Қазақстан Республикасының Министрлер
Кабинетінің Қаулысы 1995 жылғы 14 маусым № 827

"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылуы туралы" 1993 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10 /5-тармағы/ және 16 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

Ақтөбе облыстық мәслихат-жиналысының және облыс әкімінiң Красносельский, Үлке, Нефтяник және Ақтасты /жалпы көлемi 46011 га аумақ/ селоларын Ақтөбе облысының Хромтау ауданынан көрсетiлген аудандардың шекаралары өзгертiлiп, Ақтөбе ауданына беру туралы ұсынысы қабылдансын.

       Қазақстан Республикасы
       Премьер-министрiнiң
       бiрiншi орынбасары