Бюджет қаржысының нысаналы пайдаланылуына тексеру жүргiзу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкімі 1994 жылғы
29 желтоқсан № 529-ө
1. Мемлекеттік кәсiпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан олардың негiзгi қызметiмен байланысы жоқ мақсаттарға қаражат алу фактiлерiнiң жиiлеуiне байланысты банктiк емес мекемелер мен траст компанияларға депозитке бюджет қаржысы мен ақша қаражатын аударуға тыйым салынсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Мемлекеттік қаржы бақылау комитетi 1995 жыл iшiнде бюджет қаржысының нысаналы пайдаланылуына тексеру жүргiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қаржы бақылау комитетi Бас прокуратурамен бiрлесе отырып осындай тәртiп бұзушылықтардың анықталған фактiлерi бойынша лауазымды адамдарды қылмыстық жауапқа тартуға дейiн шара қолдансын.
Премьер-министр