Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы № 1239 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 15 маусым № 753

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1239 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 15 маусым № 753

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы № 1239 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

2-тармақта "4 (төрт) млн. теңге мөлшерінде" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы резервінен" деген сөздермен толықтырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі