Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 15 сәуірдегі № 68 өкіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 28 сәуір № 54-ө

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 15 сәуірдегі
№ 68 өкіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 28 сәуір № 54-ө

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі орынбасарларының арасында қызметтік міндеттерді қайта бөлуге байланысты:

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 15 сәуірдегі № 68 өкімінің 1-тармағына мынадай өзгеріс енгізілсін:

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі Мәдина Бинешқызы Жарбосынова - Семей аймағы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына төраға болып енгізілсін;

Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов аталған құрамнан шығарылсын.

Премьер-Министр