«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы № 897 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы тауарларды
(жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері
туралы келісімді бекіту туралы
Қабылданды - ҚР 1999 жылғы 20 шілдедегі № 445-I Заңын қараңыз
1999 жылғы 2 ақпанда Минск қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті