Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі,
Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының
Үкіметі арасындағы мемлекетаралық ғылыми-технологиялық
бағдарламаларды қалыптастыру және оның мәртебесі туралы
келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Қаулысы 1999 жылғы 2 маусым № 695
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1998 жылғы 26 маусымда Бішкек қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы мемлекетаралық ғылыми-технологиялық бағдарламаларды қалыптастыру және оның мәртебесі туралы келісім бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі