«Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 шілдедегі № 1055 Қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 шілдедегі № 1055 Қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының «Орталық ғылыми кітапхана» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің» Орталық ғылыми кітапхана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.

3. Кәсіпорынның негізгі міндеттері:

1) ғылым, өндіріс, білім және мемлекеттік басқару саласындағы мамандарға кітапханалық-библиографиялоық және ақпараттық қызмет көрсету;

2) кітапханатану, библиографиятану, кітаптану, қолжазбаларды ғылыми сипаттау және кітапханалық-ақпараттық процестерді автоматтандыру салаларында зерттеу және әдістемелік жұмыстарды орындау деп белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде:

1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін;

2) оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.

5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі