Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне субвенция бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 тамыз № 1201

Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне субвенция бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 тамыз
№ 1201

Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне түсімдердің төмен деңгейіне байланысты, аймақтағы күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайға орай және оның тепе-теңдігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:

1999 жылдың тамызында Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебінен 500 (бес жүз) миллион теңге мөлшерінде субвенция бөлсін;

үстіміздегі жылдың аяғына дейін заңдарға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне субвенция бөлу бойынша түпкілікті есеп айырысу жүргізсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі