"Алатау" қонақ үйiн қайта жаңартудың инвестициялық жобасын қаржыландыру
көлемiн ұлғайту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
қаулысы 1997 жылғы 2 сәуірдегі № 462
"Алатау" қонақ үйiн қайта жаңартуды аяқтау және Түрiк Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық шеңберiнде бұрын берiлген несие бойынша берешектi өтеудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. "Медеу-Эмсаш-Алатау" бiрлескен кәсiпорнының "Emsas Insaat, Tourism, Ticaret ve San.A.S." фирмасымен "Алатау" қонақ үйi кешенiн басқаруға беруге жасасқан келісім-шарт мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкi:
"Медеу-Эмсаш-Алатау" бiрлескен кәсiпорны ұсынған жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiне, келісім-шарт пен несие беруге байланысты басқа да құжаттарға, сондай-ақ сұралып отырған несиенiң қосымша көлемiне кепiлдемелер мен кепiлдiктi қамтамасыз етуге банктiк сараптама жүргiзсiн;
"Медеу-Эмсаш-Алатау" бiрлескен кәсiпорнымен белгiленген тәртiппен қосымша несие келісімiн жасасын;
"Медеу-Эмсаш-Алатау" бiрлескен кәсiпорнының аванстық төлемдi, берiлген несие сомасын және ол бойынша проценттердi төлеуiн, сондай-ақ бiрлескен кәсiпорын жұмсаған банк шығыстарын өз қаражаты есебiнен бақылау жасасын;
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулының орындалуына бақылау жасасын.
4. "Түркия Республикасының Үкіметі беретiн кредит есебiнен қаржыландырылатын жобалар тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 тамыздағы № 866 қаулысына 1-қосымшаға мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
"Жастартурспортминi "Алатау" қонақ 2 "Эмсаш" фирмасы"
үйiнiң кiшi
қанатын қайта
жаңарту
деген жолдағы "2" деген сан "4,45" деген санмен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi