«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 14 шілдедегі № 3593 Жарлығы (2006.24.05. берілген толықтыруларымен)

«Қазатомөнеркәсiп» Ұлттық атом компаниясын құру туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 1997 жылғы 14 шiлдедегі № 3593 Жарлығы

(2006.24.05. берілген толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы үшiн уран өнеркәсiбiнiң стратегиялық мәнi мен әлемдiк уран рыногының жетекшi шебiне шығудың маңыздылығын ескере отырып, сондай-ақ уранды барлау, өндiру, өңдеу және өткізу, атом энергия станциялары үшiн ядролық отын өндiру мәселелерiнде мемлекет мүдделерiн қорғау мақсатында қаулы етемiн:

ҚР Президентінің 2006.24.05. № 122 Жарлығымен 1-тармақ толықтырылды

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

бiр ай мерзiмде заңдарда белгiленген тәртiппен "Қазатомөнеркәсiп" ашық акционерлік қоғамын мемлекеттiң жүз проценттiк үлесi бар жабық акционерлік қоғам нысанындағы "Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясы (бұдан былай - Компания) етiп қайта құруды қамтамасыз етсiн;

Компанияның жарғылық қорына акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерiн, өзге де шаруашылық серiктестiктеріндегі мемлекет пакеттерiн, өзге де шаруашылық серiктестiктеріндегі мемлекет үлестерiн, сондай-ақ уран мен оның қоспаларын барлаумен, өндiрумен, өңдеумен, атом энергия станциялары үшiн ядролық отын шығарумен айналысатын мемлекеттік кәсiпорындардың мүлiктiк кешендерiн беретiн болсын;

Компания активтерiнiң тiзбесi мен құрылымын қалыптастырсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.