Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылған деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1997 жылғы 2 сәуірдегі № 465

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер
енгізу және күшi жойылған деп тану туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң Қаулысы 1997 жылғы 2 сәуірдегі № 465

"1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1737 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн.

2. № 1-қосымшаға сәйкес қол қойылған сәттен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.

3. № 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң 1997 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                     Қазақстан Республикасы
                                          Үкіметінiң
                                     1997 жылғы 2 сәуірдегі
                                       № 465 қаулысымен
                                          бекітілген
             Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір
                шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер

1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 2 шiлдедегi № 565 қаулысының бiрiншi абзацының 6-тармағындағы "консулдық және басқа түрлерiнiң" деген сөздер алынып тасталсын.

2. "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік наградаларымен наградталған азаматтарға берiлетiн жеңiлдiктер туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 қыркүйектегi № 783 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 34, 401-құжат) 3-тармағының бесiншi, он екiншi абзацтарындағы "ең төменгi жалақының" деген сөздер "есептi көрсеткiштiң" деген сөздермен ауыстырылсын.

3.

     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.08.27. № 1268 
              қаулысымен. 
     

4. "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаржылары бойынша өзара есеп айырысу, есепке алу және жұмсау операцияларын жүргiзу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 6 қазандағы № 1120 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 42, 455-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаржылары бойынша өзара есеп айырысу, есепке алу және жұмсау операцияларын жүргiзу тәртібінiң 13-тармағының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiкпен айналысатын жеке тұлға әрбiр қызметкер үшiн бiр айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде, ай сайын мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жарнасын төлейдi".

                                     Қазақстан Республикасы
                                          Үкіметінiң
                                     1997 жылғы 2 сәуірдегі
                                       № 465 қаулысына
                                          № 1-қосымша
             Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi
                жойылған кейбір  шешiмдерiнiң
                           ТIЗБЕСI

1. Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1989 жылғы 13 ақпандағы № 28 өкімі.

2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 11 мамырдағы № 643-22-с қаулысы.

3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 27 маусымдағы № 726 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 шiлдедегi № 966 қаулысының үшiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 24, 277-құжат).

                                     Қазақстан Республикасы
                                          Үкіметінiң
                                     1997 жылғы 2 сәуірдегі
                                       № 465 қаулысына
                                         № 2 қосымша
            Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 
            күшi жойылған кейбір  шешiмдерiнiң
                         ТIЗБЕСI

1. "Қазақ мемлекеттік басқару академиясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 21 мамырдағы № 426 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 18, 222-құжат).

2.

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ алынып тасталды, 3-7-тармақтар 2-6-тармақтар
              болып есептелдi - ҚРҮ-нiң 1997.06.17. № 982 қаулысымен.
              

2. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қазақ мемлекеттік заң институтын ұйымдастыру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 26 мамырдағы № 564 қаулысының 8-тармағының екiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, № 23, 245-құжат).

3. "Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 тамыздағы № 927 қаулысының 3-тармағы.

4. "Қазақ ұлттық техникалық университетi мен Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 30 желтоқсандағы № 1488 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 49, 559-құжат).

5. "Ұлттық Жоғары Мемлекеттік Басқару мектебi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 11 қаңтардағы қаулысының 1-тармағының екiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 2, 19-құжат).

6. "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2700 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы қаулысының 53-тармағы.