Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 21 қыркүйек № 1431

Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері Қазақстан
Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 21 қыркүйек
№ 1431

Республикалық меншік объектілерін коммуналдық меншікке беру жөніндегі жұмыстарды жандандыруға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіруді жүзеге асыруға уәкілеттік берілсін.

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі