«Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін сату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 24 шілдедегі № 693

"Атакент" Қазақстан iскерлiк ынтымақтастық орталығы" акционерлік
қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiн сату туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1998 жылғы 24 шiлдедегi
№ 693

Республикада көрме-жәрмеңке iсiн одан әрi дамыту және "Атакент" Қазақстан iскерлiк ынтымақтастық орталығы" акционерлік қоғамының (бұдан әрi - Қоғам) материалдық-техникалық базасын нығайтуға инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру департаментi заңдарда белгiленген тәртiппен Қоғам акцияларының оның жарғылық капиталының 26 процентi мөлшерiндегi мемлекеттік пакетiн ақшалық аукционда сатсын.

2. Қазақстан Республикасының кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) "Қазақстан iскерлiк ынтымақтастық орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 17 наурыздағы № 688 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 33, 502-құжат):

3-тармақтың екiншi абзацының, 4, 5-тармақтардың күшi жойылған деп танылсын.

2)

3)

ЕСКЕРТУ. 2-тармағының 2),3) тармақшаларының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.30. № 1504 қаулысымен.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi