Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының
Үкіметі арасында экономикалық және қаржылық бұзушылықтармен
күрес саласында ынтымақтастық, сондай-ақ заңсыз өткізілген
валюталық құндылықтарды қайтару туралы келісімге қол қою
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы
22 қазандағы № 1587 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасында экономикалық және қаржылық бұзушылықтармен күрес саласында ынтымақтастық, сондай-ақ заңсыз өткізілген валюталық құндылықтарды қайтару туралы келісімге қол қойылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі