Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының 2-тармағын және 61-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларын ресми түсіндіру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 19/2 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Төраға Ю.А. Ким, Кеңес мүшелері Н.І. Өкеев, Ж.Д. Бұсырманов, А.Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы негізінде өтініш субъектісінің өкілі - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Құқықтық бөлімінің сектор меңгерушісі Ж.К. Сүтемгенованың, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілі - депутат Б.Г. Жүсіповтің қатысуымен өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының 2-тармағын және 61-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларын ресми түсіндіру туралы 1999 жылғы 30 қыркүйектегі өтінішін қарады.
Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашы - Конституциялық Кеңестің мүшесі А. Есенжановтың баяндамасы мен конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың сөздерін тыңдап және сарапшылардың - заң ғылымдарының докторы А.Г. Диденконың және заң ғылымдарының докторы М.К. Сүлейменовтің қорытындыларымен танысып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады:
Конституциялық Кеңеске 1999 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының 2-тармағын және 61-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларын ресми түсіндіру туралы өтініші келіп түсті. Өтініште сондай-ақ мынадай мәселелер қойылған: