"Рауан" акционерлік қоғамының (Алматы қаласы) акцияларын дербес
жоба бойынша сату туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің Қаулысы 1995 жылғы 2 наурыздағы № 209
Қазақстан Республикасында Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған (II кезең) Ұлттық бағдарламасын, Реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөніндегі Үкiметтiң iс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру, отандық инвесторға жағдай жасау және кепiлдiктi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. "Рауан" акционерлік қоғамының акцияларын сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi мен "Акцепт" Қазақстан фирмасы арасында 1994 жылғы 23 тамызда жасалған шарт мақұлдансын.
2.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ күшiн жойды - ҚР Үкіметінiң 1997.02.28. № 279
қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi