Павлодар мұнай өңдеу зауытында пропиленді құнарландыру қондырғысының кешенін салу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 1994 ж. 27 қыркүйектегі № 387-ө Өкімі

Павлодар мұнай өңдеу зауытында пропилендi құнарландыру қондырғысының
кешенiн салу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң
1994 ж. 27 қыркүйектегі № 387-ө Өкімі

"Полипропилен" акционерлік қоғамының қазiргi қуаттарын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Павлодар мұнай өңдеу зауытында пропилендi құнарландыру қондырғысының кешенiн салу туралы" 1992 жылғы 26 тамыздағы № 706 қаулысында белгiленген мерзiмде пропиленмен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жеделдету мақсатында:

1. Пропилендi құнарландыру кешенiн салу орнын Павлодар мұнай өңдеу зауытынан Атырау қаласындағы "Полипропилен" акционерлік қоғамының алаңына көшiру туралы Павлодар мұнай өңдеу зауыты мен "КРАМДС" ұлттық акционерлік компаниясының ұсынысы қабылдансын.

2. Кешен құрылысын шетелдiк кредиттердi тарту арқылы өтемдiк негiзде салуға рұқсат етiлсiн, ал кредит "Полипропилен" акционерлік қоғамы мен Павлодар мұнай өңдеу зауытының өнiмдерiн экспорттау есебiнен өтелетiн болсын.

3. "КРАМДС" ұлттық акционерлік компаниясы, "Полипропилен" акционерлік қоғамы және Павлодар мұнай өңдеу зауыты үстiмiздегi жылы өз өнiмдерiн экспортқа сатудан алған қаражаты есебiнен кредит желiсiн ашу үшiн аванстық жарна өткiзсiн.

4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі жанындағы Шетелдiк инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттiк аталған құрылысты салуға арналған кредит желiсiн ашу туралы мәселе қарасын және Қазақстан Республикасының Экспорт-импорт банкiне тиiстi ұсыныстар енгiзсiн.

Премьер-министр