Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабы 4) тармақшасына
ресми түсіндірме беру туралы Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесі 1999 жылғы 17 наурыздағы № 4/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциясының Конституциялық Кеңесі құрамында Кеңес төрағасы Ю.А.Ким және Кеңес мүшелері О.Қ.Ықсанов, В.В.Мамонов, С.Ғ.Темірболатов және В.Д.Шопин қатысқан, өтінім субъектісінің өкілі - Республика Премьер-Министрі Кеңсесінің құқықтық сараптама бөлімінің сектор меңгерушісі Ж.К.Сүтемгенованың қатысуымен өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Н.Балғымбаевтың Республика Конституциясының 66-бабы 4) тармақшасына ресми түсіндірме беру туралы өтінімін қарап, мынаны анықтады:
1999 жылғы 24 ақпанда Конституциялық Кеңеске келіп түскен өзінің өтінімін Республика Премьер-Министрі былай негіздеген. Меншіктің құқықтық режимінің ережелерін көздеген заң шығарушы мемлекеттік меншік құқығы субъектісін анықтамаған. Үкіметтің мемлекеттік меншік объектілеріне билік ету жөніндегі бірқатар нормативтік құқықтық актілерінің заңдылығы туралы мәселенің шешілуі өтінімде аталған Конституция нормасына ресми түсіндірме беруге байланысты болып отыр. Баяндалған және басқа да жағдаяттарды ескере отырып, Республика Премьер-Министрі Республика Конституциясының 66-бабы 4) тармақшасына ресми түсіндірме берілуін, онда "мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады" деген конституциялық норманың заңдық мазмұны Үкіметке мемлекеттік меншік құқығы субъектісі өкіметтігін беруді білдіре ме деген сұраққа жауап болуын өтінген.
Баяндамашы - Кеңес мүшесі С.Ғ.Темірболатовтың хабарламасын тыңдап және конституциялық өндіріс материалдарын, оның ішінде маманның - Қазақ мемлекеттік Заң университеті Жеке құқық ғылыми-зерттеу Орталығының директоры, Ұлттық Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті, заң ғылымдарының докторы, профессор М.К.Сүлейменовтың қорытындысын қарап, көрсетілген конституциялық нормаға ресми түсіндірме бергенде Конституциялық Кеңес мынаны негізге алады: