Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 наурыздағы № 401 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1997 жылғы 28 мамырдағы № 894

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 24 наурыздағы N
401 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң қаулысы 1997 жылғы 28 мамырдағы № 894

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

"1997 жылдың өнiмiнен мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 24 наурыздағы № 401 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

     4-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"Астық компаниялары жанар-жағар материалдарды, тұқымды, техниканы, жабдықтарды, босалқы және жинақтаушы бөлшектердi, өсiмдiктердi химиялық қорғау құралдарын, тыңайтқыштарды және басқа да материалдарды мемлекеттік астық сатып алуға берiп тұруға өз бетiнше шарттар жасасады".

     Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi