Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктiк заемдары, заемдары және салымдары (депозиттерi)
есептеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 20 қыркүйектег3 № 293 Қаулысы
(ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2000.09.10 № 378; 2005.11.03 № 32 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 56 қаулысымен күші жойылды
ҚР ҰБанкі Басқармасының 2005.11.03 № 32 Қаулысымен атауындағы және бүкiл мәтiн бойынша сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктiк заемдары, заемдары және салымдары (депозиттерi) есептеу ережесi бекітілсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Монетарлық операциялар департаментi (Әлжанов Б.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесе отырып, осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктiк заемдары, заемдары және салымдары (депозиттерi) есептеу ережесін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркеуден өткiзсiн.
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркеуден өткен күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктiк заемдары, заемдары және салымдары (депозиттерi) есептеу ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бөлiмшелерiне жiберсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдары осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктiк заемдары, заемдары және салымдары (депозиттерi) есептеу ережесін екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы