Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Ұйымдасқан қылмысқа және терроризмге қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 желтоқсандағы № 1924 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Ұйымдасқан қылмысқа және терроризмге қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы 1999 жылғы 6 қазанда Тегеран қаласында жасалған келісім бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі