«Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 1999 жылғы 20 қыркүйектегі № 294 Қаулысы (күші жойылды)

Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 1999 жылғы 20 қыркүйектегі № 294 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 183 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің теңгенің айырбас бағамының алдағы уақыттағы саясаты туралы мәлімдемесін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 62 қаулысымен бекітілген Еркiн өзгермелi айырбас бағамы режимiне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екiншi деңгейдегi банктердегi теңгелiк депозиттерiн айырбастауды жүзеге асыру ережелерiне өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет иинистрлігінде тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.

2. Заң департаментi (Шәрiпов С.Б.) Бухгалтерлiк есеп департаментiмен (Рахметова С.К.) және Банктiк қадағалау департаментiмен (Жұмағүлов Б.Қ.) бiрлесiп, осы қаулыны және Еркiн өзгермелi айырбас бағамы режимiне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екiншi деңгейдегi банктердегi теңгелiк депозиттерiн айырбастауды жүзеге асыру ережелерiне өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркеуден өткiзсiн.

3. Банктiк қадағалау департаментi (Жұмағұлов Б.Қ.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзген күннен бастап бес күндiк мерзiмде осы қаулыны және Еркiн өзгермелi айырбас бағамы режимiне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екiншi деңгейдегi банктердегi теңгелiк депозиттерiн айырбастауды жүзеге асыру ережелерiне өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.