«Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 69 Қаулысы (күші жойылды)

Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы
 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 69 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 183 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің теңгенің айырбас бағамының бұдан былайғы саясаты туралы мәлімдемесін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 62 қаулысымен бекітілген Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелеріне ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап күшіне енгізілсін.

2. Заң департаменті (Сизова С.И.) банктік қадағалау департаментімен (Жұмағұлов Б.Қ.) бірлесіп осы қаулыны және Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін.

3. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) осы қаулыны және Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап бес күндік мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.