«Ғылым мен техниканы дамытуға аса зор үлес қосқан ғалымдар мен дарынды жас ғалымдарға мемлекеттік стипендиялар төлеу тәртібі туралы нұсқаулық» (Қазақстан Республикасы Ғылым министрi - Ғылым академиясы 1997 жылғы 26 мамырдағы № 118 бұйрығымен бекітілді) (күші жойылды)

ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 15 қазандағы № 477 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы Ғылым

министрi - Ғылым академиясы

1997 жылғы 26 мамырдағы № 118

бұйрығымен бекітілді

 

Ғылым мен техниканы дамытуға аса зор үлес қосқан ғалымдар мен дарынды
жас ғалымдарға мемлекеттік стипендиялар төлеу тәртібі туралы
нұсқаулық

(2005.21.09. берілген өзгерістермен)

 

1. Бұл Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 ж. 09.12 № 1501 қаулысымен бекітілген мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы Ереженi орындау үшiн шығарылды (ҚР ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 50, 488-бап).

2. Мемлекеттік ғылыми стипендиялар мөлшерi және оны алу үшiн конкурс өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "ғылым мен техниканы дамытуға аса зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандар және дарынды жас ғалымдарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы" 1996 ж. 28.08. № 1063 қаулысында белгiленген (ҚР ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 35, 338-бап).

ҚР Білім және ғылым министрінің 2005.19.05  № 312 бұйрығымен  3-тармақ жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

  3. Мемлекеттік ғылыми стипендиялар стипендиаттарға белгіленген мерзімдерде карт-есепшотына немесе дербес есепшотына аудару жолымен төленеді.

  ҚР Білім және ғылым министрінің 2005.19.05  № 312 (бұр. ред. қара); 2005.21.09. № 632 (бұр.ред.қара) бұйрықтарымен 4-тармақ жаңа редакцияда  

4. Мемлекеттік ғылыми стипендияны төлеудің бірінші жылы өткеннен кейін мемлекеттік ғылыми стипендияларға кандидатураны ұсынған ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық) кеңес стипендиаттың өткен жылғы жүргізген жұмыстары туралы есебін тыңдайды және төлеу мерзімін ұзарту немесе оны төлеуді мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жібереді

ҚР Білім және ғылым министрінің 2005.19.05  № 312 бұйрығымен  5- тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.