Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 2220 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 27 маусым № 957

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 2220
қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 27 маусым № 957

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 220 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарындағы:

     1) реттік нөмірі 29-жол алынып тасталсын;
     2) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 45-1-жолмен толықтырылсын:
     
"45-1   Қазақстан         Бағалы    қазан    қараша   желтоқсан"
        Республикасының   қағаздар
        кейбір заң акті-  жөніндегі
        леріне бағалы     ұлттық 
        қағаздар рыногы-  комиссия
        ның және акцио-   (келісім
        нерлік қоғамдар-  бойынша),
        дың мәселелері    Әділетмині
        бойынша өзгеріс- 
        тер мен толық-
        тырулар енгізу
        туралы
     
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі