Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 464 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1009 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 464
қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1009 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 25 наурыздағы № 264 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоғары оқу орындарының студенттік контингентін қалыптастырудың жаңа моделі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 464 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 14, 143-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) 2-тармақтағы "Республикалық тестілеу орталығы" деген сөздер "Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 3-тармақтың екінші абзацы "тестілеуді" деген сөздің алдынан "кешенді" деген сөзбен толықтырылсын;

3) көрсетілген қаулының 1-қосымшасына:

Студенттерді қабылдаудың жаңа моделіне көшуді ұйымдастыру жөніндегі республикалық комиссияның құрамына: Алшанов Рахман Алшанұлы - Білім мекемелері қауымдасты- ғының президенті; Сүлеев Досым Қасымұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры; Отто Иван Иванович - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі енгізілсін;

көрсетілген құрамнан Бексұлтан Сәрсекұлы Сәрсеков шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі