Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 наурыздағы № 353 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 шілде № 1131

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 наурыздағы № 353
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 шілде № 1131

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Заттай нысанда роялти төлеу туралы және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 наурыздағы № 353 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

2 тармақтың 1) тармақшасы "шикі мұнайдың" деген сөздерден кейін "және одан әрі қайта өңдеуге отандық мұнай өңдеуші зауыттарға берілетін роялти төлемі есебінен алынған шикі мұнайдың" деген сөздермен толықтырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі