«Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастығының негiзгi бағыттары туралы келісімдi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 тамыздағы № 1197 Қаулысы

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастығының негiзгi бағыттары туралы келісімдi бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 тамыздағы № 1197 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. 2000 жылғы 25 қаңтарда Мәскеу қаласында жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастығының негiзгi бағыттары туралы келісім бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі