Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі мен Әзербайжан
Республикасының Мемлекеттік кеден комитетi арасындағы
контрабандаға және кеден ережелерiн бұзушылықтарға, сондай-ақ
қарудың, оқ-дәрiлердiң, жарылғыш заттардың, есiрткi құралдарының,
психотропты заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына
қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы
26 қазандағы № 1602 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2000 жылғы 7 сәуірде Баку қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік кеден комитетi арасындағы контрабандаға және кеден ережелерiн бұзушылықтарға, сондай-ақ қарудың, оқ-дәрiлердiң, жарылғыш заттардың, есiрткi құралдарының, психотропты заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі