Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 шілдедегі № 1155 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 наурыз № 335

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 шілдедегі № 1155
қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 наурыз № 335

Республикада мазутты тұтынудың азаюына байланысты және мұнай өңдеу зауыттары резервуарлық парктерінің тауарға толып кетуін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Мазут экспортына уақытша тыйым салуды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 шілдедегі № 1155 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 31, 393-құжат) күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі